KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 3 м/с, СШ
485.04 525.98 5.04

ШҚО-да қатты жел мен көктайғақ күтіледі

Фото: egemen.kz

23.10.2023, 14:56 193

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 24 қазанда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі.

Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғып,облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Осындай күн райында ғимараттар мен құрылыстардың нашар бекітілген элементтері құлауы, көлік қозғалысының қиындауы ықтимал.

Ғимараттардың тұсына, көлік аялдамасында, жарнама тақтайшаларының артына, ағаш, электр желілерінің маңына ықтап тұруға болмайды. Көлікті ағаштардың астына қоймаған жөн.

Дауыл туралы ескертуді «Дәрмен» мобильді қосымшасынан алуға болады.

ТЖ кезінде «112» нөміріне қоңырау шалу қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив