ШҚО инвесторлардың ұсынысын қарастыруға дайын
Облыста агроөнеркәсіпті дамытуға бағытталған, құны 231 млрд теңге болатын 37 инвесторлық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Құны 36 млрд теңге болатын 9 жоба биыл жүзеге асырылады.
Бұл туралы ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумында айтты, деп хабарлайды Altaynews.
Ірі жобалардың қатарына жем зауыты, селекциялық-генетикалық алаңы және тауарлы фермалары бар вертикалды біріктірілген ет өңдеу кешенінің құрылысы кіреді. Кешенде өндірілетін өнімнің 40 мың тоннасы Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне жөнелтіледі.
Сондай-ақ, жылына 120 млн дана жұмыртқа өндіретін құс фабрикасын салу жоспарда бар.
Облысы әкімі Ермек Көшербаевтың сөзінше, ШҚО әлеуетті инвесторлардың жобаларын жүзеге асыру туралы ұсыныстарын қарастыруға әрдайым дайын.