Биыл Қасым Қайсенов кентінде құны 21 млн. теңге тұратын көкөніс консервілеу цехының құрылысы басталады.Ұлан ауданында аграрлық кешеннің дамуын жеделдетуге бағытталған бұдан басқа да бірқатар жобалар жүзеге асырылады , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Межеленген іс-шаралардың бірі – «Режебалиев» шаруа қожалығы Айыртау ауылында құны 100 млн. теңге болатын 1000 басқа арналған мал бордақылау алаңын салып жатыр. Оны биыл бітіріп, іске қоспақшы. Бұл жоба бойынша 20 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. «Украинка» шаруа қожалығы 500, «Багратион-2» шаруа қожалығы 800 сиырға лайықтап, жалпы құны 1075 млн. теңге болатын тауарлы сүт фермаларын салады.
Ал Герасимовка ауылында «Ертіс Агропродукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жалпы құны 1,5 млрд. теңге тұратын, жылына 5000 тонна ет өндейтін комбинаттың құрылысын бастайды.
Бұл жобалар іске асқанда жалпы жиыны 160 жұмыс орны ашылып, 2,8 млрд. теңге инвестиция тартылады.