ШҚО-да дауылды ескерту жарияланды
Фото: egemen.kz
"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 15 қарашада түнде және таңертең ШҚО-ның солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Оңтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың орталығында, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Желдің екпіні қатты болғанда жалғыз ағаштардың астына ықтауға болмайды. Ағаш маңына көлік қоюға болмайды.
Төтенше жағдайлар туындаған кезде "112"нөміріне қоңырау шалу қажет.
Дауыл туралы ақпаратты "Дәрмен" тегін қосымшасы арқылы алуға болады.
Оқи отырыңыз