KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

ШҚО-дағы жатақханаларда тексеру жүргізіледі

Фото: gov.kz

14.11.2023, 18:30 214

Ел аумағында "Жатақхана" жедел-профилактикалық шарасы басталды. ШҚО ТЖД қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірлесіп, рейд жүргізіп жатыр.

Олар жатақханалардың тұрғындары мен әкімшілігіне өрт қауіпсіздігі ережесін, заңнама мен қоғамдық тәртіп талаптарын сақтау керек екенін түсіндіреді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО ТЖД дерегіне сүйенсек, аймақта 20 жатақхана бар.

— Бөлмеде немесе дәлізде өрт шыққан кезде ғимараттың салыну ерекшелігіне байланысты түтін бүкіл қабатқа тез тарайды. Ал қосалқы шығу жолы бітеліп қалған жағдайда тұрғындарды эвакуациялау мүмкін болмайды. Басым көпшілігінде тұрғындар дәліз бен баспалдақ торын әртүрлі қоқыспен толтырып, шығар жолды бітеп тастайды, — дейді ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов. 

Соңғы үш жылда облыстағы жатақханаларда 3 рет өрт шыққан.

Өрт кезінде «101» немесе «112» нөмірі арқылы хабарлау қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив