Смайылов Марқакөл, Катонқарағай аудандарын қалпына келтіру жұмыстарын қамтамасыз етуді тапсырды
![](/kz/uploads/posts/2023-11/1700379624_800x450.webp)
Үкіметте өткен кеңесте ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың 6 қазанда Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде берген тапсырмаларын орындауға қатысты шаралар қаралды.
Премьер-министр жоспарланған жобалардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
"Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Марқакөл және Катонқарағай аудандарын қалпына келтіру жұмыстарын қамтамасыз етуді тапсырамын. Әкімдікпен бірлесіп, тапсырмалардың барлығын уақтылы әрі сапалы орындау үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту қажет", — деп түйіндеді сөзін Үкімет басшысы.
Оқи отырыңыз