KZ
Өскемен
+14°
небольшой проливной дождь Штиль
481.63 534.46 5.28

Шағын елді мекендерде бизнесті дамыту тапсырылды

Фото: egemen.kz

4.07.2023, 17:37 8 091

Премьер-Министрі Әлихан Смайылов моноқалалар мен шағын елді мекендерде бизнесті дамытуды тапсырды.

Мемлекеттік органдар өңірлермен бірлесіп жергілікті жерлерде жобаның сапалы іске асырылуын қамтамасыз етуі қажет екені айтылды, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Бизнес, негізінен, ірі қалаларда шоғырланған. Сондықтан моноқалалар мен шағын елді мекендерде бизнестің дамуына жағдай жасап, мүмкіндіктерін кеңейту қажет. Ол үшін «Ауыл аманаты», «Ауыл – ел бесігі», моно және шағын қалаларды дамыту, «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы – 2025» жобалары шеңберінде қолдау көрсетіліп жатыр. Мемлекеттік органдар «Атамекен» ұлттық палатасымен және өңірлермен бірлесіп, жобалардың жергілікті жерлерде сапалы іске асырылуын қамтамасыз етуі қажет, – деді ол Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, шикізаттық емес салалардың, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің әлеуетін кеңейту керек.

– Жалпы алғанда, талдау нәтижелері бизнестің шағымдары мен өтініштері негізінен жер қатынастары, мемлекеттік сатып алу, салықтық әкімшілендіру, сәулет және қала құрылысы, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету салаларына қатысты екенін көрсетіп отыр.
Мемлекеттік органдар өңірлермен бірлесіп, бизнестен түсетін барлық өтінішті сапалы және уақтылы қарауы қажет.
Білікті мамандарды, әсіресе жоғары технологиялық сала мамандарын сапалы даярлауды қамтамасыз ету керек.
Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім, Еңбек министрліктері, «Атамекен» палатасы және өңір әкімдіктері кадрларды даярлау мен оқыту жүйесін қазіргі заман талаптарына бейімдеу жөнінде шаралар қабылдауы тиіс,  деді Премьер-Министр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив