ШҚО-ға екі компьютерлік томография сатып алынды
Шартты сурет: doct.ru
Елімізде 2023-2027 жылдарға арналған онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі жаңа кешенді жоспар әзірленді.
Кешенді жоспарға сәйкес, ең алдымен алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту көзделіп отыр. Осыған орай облысқа үш маммография, екі компьютерлік томография, колоноскоп құралы сатып алынады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Бұл туралы ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының бас дәрігері Гүлмира Сағидуллина айтты.
- Кешенді жоспардың мақсаты - онкологиялық скринингтік және профилактикалық тексерулердің тиімділігін арттыру. Өңірге сатып алынатын маммография құралы жоқ аудандарға, мысалы, Катонқарағай, Глубокое аудандарына беріледі. Зайсан және Шемонаиха аудандарына екі компьютерлік томография алынып, орнатылады. Бұл шаралардың барлығы обырдың алдын алу, қатерлі ісікті ерте анықтау мақсатында жасалынып жатыр. Дер кезінде анықталған диагноз обырды сәтті емдеуге, өмір сүру мерзімін бес жылға ұзартуға мүмкіндік береді, - деді бас дәрігер.
Оқи отырыңыз