Бес жастағы бүркітші марапатталды - ШҚО
ШҚО-да өткен «Шығыс салбурыны-2023» халықаралық фестиваліндегі ең жас бүркітші марапатталды.
Салбурын қонақтары ерекше киім киген 5 жастағы бүркітшімен күні бойы кезек-кезек суретке түсіп жатты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Бұл жас бүркітшінің есімі – Әбдірашид Мамырханұлы.
- Бүркітші болуға баулып жүрмін. Бес жаста болса да құсбегіліктің кейбір қырын үйреніп келеді. Жалпы қазақта құсбегілік ұл балаға мирас болған ғой. Сондықтан да өзімнен кейін бүркітші болсын деген ниетпен бүгінгі салбурынға алып келдім, - дейді Әбдірашидтің әкесі, бүркітші Мамырхан Манайұлы.
Әбдірашидті фестиваль ұйымдастырушылары ең жас бүркітші ретінде марапаттады.
Оқи отырыңыз