Қызылшаға қарсы екпе барлығына тегін - министр
Фото: pharmvestnik.ru
Қазір елімізде қызылша ауруы асқынып тұр. Осы ретте қызылшаға қарсы вакцинаны қазақстандықтар тегін ала алады.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Министр емханаларда қызылшаға қарсы егу тегін жүргізілетінін және оны кез келген адамға алуға болатынын атап өтті.
- Қазір қызылшаға қарсы екпе барлығына тегін, соның ішінде ересектерге де тегін егіледі. Біз вакцинаны ақылы түрде бермейміз, ол тек мемлекеттік тапсырыс аясында ғана беріледі, – деді Ажар Ғиният.
Министр вакцина жеке клиникаларға жеткізілмейтінін айтты. Егер мемлекеттік емханада олар ересектерден екпе үшін ақша сұраса, бұл заңсыз болып саналады.
Оқи отырыңыз