Алтай алқабында аң көбейіп келеді
Алтай – адамзаттың бесігі ғана емес, аң мен құстың да аяулы мекені.
Биыл бұл өңірде жабайы жануарлардың көбейгенін Катонқарағай Ұлттық парк қызметкерлері мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Бұл өлкенің халқы жердің иесі болса, аң мен құсы жердің киесі. Сондықтан да үнемі ұрпаққа табиғатты аялауды дәріптеп келеді. Соның бір дәлелі - қазан айында өткен «Қар барысы» фестивалі. Соған сай аң мен құс та жыл санап өсе түскен.
Сондай-ақ Алтай туризмнің төріне айналуда. Биылғы жылы ұлттық паркке 8 434 адам келген. Парк аумағында қазіргі таңда 14 туристік соқпақ бар. Алдағы уақытта қысқы туризмге бағытталған 1 шаңғы маршрутын салу жоспарланып отыр.