KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 1 м/с, С
524.02 545.19 5.09

Аң-құстар да адамның қамқорлығына зәру

5.05.2023, 17:19 499 Оразай Жеңісұлы

Шығыста шамамен бір миллионнан астам гектар аумақты ерекше қорғалатын табиғи қорықтар алып жатыр. Осы аймақта мекендейтін сирек кездесетін аң-құсты қорғау өте маңызды. 
  Бүгінгі таңда облыс аумағында құстардың 335, сүтқоректілердің 95 түрі мекендейді. Сонымен қатар еліміздің Қызыл кітабына енген сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлардың 50 түрі бар. Атап айтсақ, қар барысы, манул, алтай құлжасы, арқар, ақтөс сусарысы, алтай ұлары, қара ләйлек, бүркіт, ителгі, лашын, аққұйрық субүркіт, дуадақ секілді аң-құстар, балықтың майқан, ускуч, таймень сынды түрлері айрықша қорғауға алынған. Бұлардың әрқайсысы – Батыс және Оңтүстік Алтайдың баға жетпес байлығы. 
  Осынау табиғат байлығын сақтап қалуда орман шаруашылығының атқарып жатқан жұмысы орасан зор. Олар әсіресе жабайы тұяқты жануарлардың санын көбейтуге бейілді және соған жағдай жасап отыр. Оларға жемшөбін беріп, тұз бен дәнді дақылдарын шашып, қоректендіру жұмысын үзбей жүргізіп келеді. Жыртқыштар да ұдайы бақылауда. Сондай-ақ су құстарының санын реттеу мақсатында 2016 жылдан бері көктем кезінде оларды атуға мораторий енгізілген. 
  Орман шаруашылығының кейінгі бес жылда жүргізген биотехникалық іс-шаралары нәтижесінде жабайы жануарлардың негізгі аңшылық-кәсіпшілік түрлерінің жай-күйін тұрақтандырып, бұлан, марал, елік, таутеке, жабайы шошқа, аю, құр, меңіреу құр, шіл қатарлы аң-құстардың тұрақты өсуіне қол жеткізді.

  Қазіргі таңда орман шаруашылығының қарауында 8,9 млн гектар аңшылық аумақ бар. Оның ішіне өзен-көлдер, орман-таулар мен жазық дала кіреді.

Ынтымақ Толқын

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу