KZ
Өскемен
-14°
пасмурно жел 1 м/с, С
524.02 545.19 5.09

Тұтынушы құқығын қорғау: шағымдардың көбі оң шешімін табуда

Фото: pexels.com

Кеше, 21:30 66 Гульжан Мусина

Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың негізгі бағыттарының бірі – азаматтардың өтініштерін қарау және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі тәртіппен шешуге консультациялық көмек көрсету. Шығыс Қазақстанда тұтынушылардың өтініштері саны жыл сайын артып келеді, бұл кәсіпкерлерді адал сауда жасауға ынталандырып, халық арасында тұтыну мәдениетін қалыптастыруға оң әсерін тигізуде, деп хабарлайды Аltainews.kz  тілшісі.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңымен реттеледі. Бұл заң тек тұтынушылардың құқықтары мен олардың қорғалуын ғана емес, сондай-ақ сатушылардың, орындаушылардың, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндірушілерінің міндеттерін де анықтайды.

АЗАМАТТЫҚ САНАЛЫЛЫҚ

Шығыс Қазақстан облысында тұтынушылардың ақпараттандырылуы мен азаматтық сана-сезімі артып келеді. Бұл туралы статистика дәлелдейді: 2024 жылдың алғашқы үш айында облыстық Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне келіп түскен өтініштердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 75%-ға, яғни 100 өтінішке көбейген. Жалпы алғанда, бірінші тоқсанда 233 тұтынушының өтініші тіркелген.

Өтініштердің тақырыбын талдай отырып, олардың көбісі тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласына қатысты екенін атап өтуге болады. Көпшілікті сапасыз тауарларды сатып алу, тауарды қабылдау және қайтару мәселелері алаңдатуда. Облыс тұрғындары сондай-ақ жиһаз жасаумен және жөндеумен, терезелер мен есіктерді орнатумен байланысты тұрмыстық қызметтердің сапасына да шағымданады.

Электронды сауда саласында тауардың сәйкес келмеуі, оның уақтылы жеткізілмеуі және даулы жағдайларды сотқа дейін шешу туралы мәселелер байқалады.

Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мәліметтері бойынша, түскен өтініштердің 68-і қанағаттандырылып, 37-сі басқа мемлекеттік органдарға жіберілген. 128 тұтынушы сұрақтарына жауап алған.

Департамент өкілдері «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңға сәйкес, барлық өтініш берген азаматтарға олардың құқықтары түсіндірілетінін, дұрыс досудебный шағым құрастыруға көмек көрсетілетінін және оның қалай тапсырылатыны туралы кеңестер берілетінін атап өтті. Сонымен қатар, мамандардың айтуынша, кейбір жағдайларда сенімді емес өндірушілер мен сатушыларға қатысты шағымдар көбінесе оң шешімін табады.

МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның 6-бабы бойынша, Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті сала заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Бұл бақылау Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 190-бабының 5-6-тармақтарына негізделген және ол келесі міндеттердің орындалмауына қатысты жүргізіледі:

  1. Тұтынушыға ақпарат беру: Тауарды сатушы (өндіруші, орындаушы) өз байланыс деректерін, тұтынушылардың құқықтарын қорғаушы уәкілетті орган туралы ақпаратты және тұтынушылардың өз құқықтарын қалпына келтіру үшін шағымдану құқығын көрсетуі қажет. Бұл ақпарат екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде берілуі тиіс.
  2. Тауарды қайтару немесе алмастыру: Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңнамасына сәйкес, сапалы және сапасыз тауарды заңда көрсетілген мерзімде қабылдап, қайтару немесе алмастыру міндеті орындалуы керек.
  3. Шағымға жауап беру: Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу туралы шағымдарға заңда белгіленген мерзімде жазбаша жауап берілуі қажет.

2024 жылдың бірінші тоқсанында өңірлік департамент тұтынушылардан түскен өтініштерді қарау нәтижесінде алты жоспардан тыс тексеру жүргізіп, қорытындысында бірнеше әкімшілік шаралар қолданылған, оның ішінде ескертулер мен айыппұлдар салынған.

Департамент өкілдері барлық тұтынушыларға www.e-tutynushy.kz сайты арқылы немесе мобильді қосымша арқылы өз құқықтарын қорғауға қатысты өтініштерін жіберуге мүмкіндік бар екенін хабарлайды.

Тұтынушы болуды үйреніңіз: өз ақшаңызды, уақытыңызды бағалаңыз және сатып алған тауарыңызды игілігіңізге жаратыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу