Қазақ күресі барысы Риддерде анықталды
21-22 наурызда Риддерде қазақ күресінен жастар арасында жарыс өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл жарыс Наурыз мейрамы қарсаңында жастар жылына орай өткен еді, Жарыстың Риддер жерінде өткені - өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған өлкеде ұлттық күресіміздің жақсы насихатталып жатқанының дәлелі.
Екі күнге ұласқан белдесу аса тартысты өтті. 50, 73 және 81 келі салмақ дәрежесінде семейлік үш спортшы Айбек Мұқаметқалиев, Мансұр Алшеков және Мәрлен Маратов топ жарса, 60 келіде жергілікті палуан қарсылас шақ келтірмеді. Ол – Мұхамедәли Қабиболданов. Ал өскемендік Илияс Измагилов 66 келіде 1-орыннан көрінсе, Қайрат Мәзкенов «түйе палуан» атанды.