KZ
Өскемен
-13°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СБ
527.23 544.05 5.05

Өскеменнің тіл жанашырлары марапатталды

1.12.2023, 22:42 374 Қызырбек Дүргінбайұлы

Бүгін Өскемен қаласында "Мемлекеттік тіл - менің тілім" республикалық форумы өтті.

 

Форум аясында бірқатар тіл жанашырлары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Тіл саясаты комитетінің Құрмет громаталарымен марапатталды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Марапат алғандардың қатарында Bizdinoskemen.kz сайтының редакторы Дарын Нұрсапар, облыстық "Дидар" газетінің редакторы Серік Әбілхан және ШҚО мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Самат Қасенов секілді қазақ тілінің дамуына үлес қосып жүрген тіл жанашырлары бар.

 

Сондай-ақ форум аясында TED стилінде "Ой талқы" өтіп, спикерлер еркін сөйлеу мәнерінде баяндама жасады.

 

-  Менің атам 13 жасында жер аударылып келіпті. Міне, сол кісінің немересі, мына, біз қазақ болып өстік. Қазақтың салты мен тіліне құрмет біз өскен кішкентай ауылдан бойымызға сіңіп қалыптасты. Қазір өзім қазақ отбасының келінімін. Бала-шағам таза қазақы болмыста өсіп жатыр. Қазақ елінде тұрғандықтан кез келген қазақстандық қазақ тілін білуге міндетті. Қазақ тілін біліп ғана қою аздық етеді, оны болмысымызға сіңіруіміз керек, - дейді павлодарлық ұстаз, гуманитарлық ғылымдар магистрі, тіл жанашыры Инга Грос.

 

Форумға қатысушылар "Тілдік қажеттілік кімнен басталады", "Тіл - ұлт болашағы", "Ғылым және мемлекеттік тіл", "Мемлекеттік қызметтегі қазақ тілінің орны", "Тілге құрмет - елге құрмет " қатарлы тақырыптарда баяндама жасап, ойларын ортаға салды. Баяндама соңында еркін пікір алмасу болып, жергілікті тіл жанашырлары да өз ойларымен бөлісті.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу