KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

ШҚО-да "Мемлекеттік тіл - менің тілім" республикалық форумы өтіп жатыр

Фото: Аяужан Утеулинова
Фото: Аяужан Утеулинова
1.12.2023, 10:40 428 Қызырбек Дүргінбайұлы

Бүгін Өскемен қаласындағы "Ертіс концерт" мәдениет орталығында "Мемлекеттік тіл - менің тілім" республикалық форумы өтіп жатыр.

 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бірлесе өткізіп жатқан форумға еліміздің түкпір-түкпірінен тіл жанашырлары келген. Сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің тілдерді дамыту басқармаларының басшылары, тәуелсіз сарапшылар, қоғамдық ұйым өкілдері де бар, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

- Бұл форум ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын жүзеге асыра отырып, тілдік негізде кемсітушіліктің кез келген түрлеріне бір уақытта табанды қарсы тұрып, оның алдын алу және болдырмау мақсатында өтіп отыр. Сондай-ақ мемлекеттік тілдің одан әрі дамуы мен практикалық қолданылуын ынталандыруды жүзеге асыру. Форумға жастарды шақыруды жөн көрдік. Өйткені ел мен жердің, тіл мен мәдениеттің болашағы осы жастардың қолында. Жалпы мемлекеттік тілдің тағдыры мен болашағы, дамуы қоғамның барлық саласына қатысты екенін білген жөн. Мемлекет басшысы елімізде бір ғана мемлекеттік тіл бар, ол - қазақ тілі деген болатын. Сондықтан қалай болғанда да әрдайым мемлекеттік тілдің мәртбесі биік болуы керек, - деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Гүлнар Ходжабергенова.


 

Форум бүгін "Ертіс концерт" мәдениет орталығында күні бойы жалғаспақ. Спикерлер жаттанды баяндама оқымай, форум қатысушыларымен пікірлесе отырып, "Ой талқы" жасайды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив