KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 8 м/с, ОШ
522.38 612.6 6.54

ШҚО-да жылыту маусымы басталғалы 10 адамға иіс тиді

2.12.2023, 13:00 402 Назерке Каримова

ШҚО-да жылыту маусымы басталғалы бері 10 адамға иіс тиді. 

Төтенше жағдай департаменті көміртегі тотығымен улану жағдайлары жиілеп кеткенін айтып, дабыл қағуда. 

«Жылыту кезеңі басталғалы бері ШҚО ТЖД мамандары 100 000-ға жуық үйді аралап, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді, пешті дұрыс пайдалану бойынша нұсқаулықтар өткізді. Әлеуметтік тұрғыда осал санаттағы азаматтардың үйлеріне қауіпті газды анықтайтын 2 000-нан астам датчик орнатылды. Алайда облыс бойынша алғашқы суық түсе салысымен өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзып пайдаланылған пештерден 10 адамға иіс тиді, оның 8-і бала», - делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу