KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1 м/с, Ю
478.96 533.03 5.22

ШҚО-ға жұмыс сапарымен экология министрі келді

11.12.2023, 10:44 142 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев келді.

Министр облыс орталығында орналасқан «Мелисса» ЖШС өндіріс базасына барды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

- Шығыс Қазақстан облысы, әсіресе, орман қоры саласында табиғи ресурстарға бай. Облыстың орман қорының ауданы 2,9 млн. гектарға тең және негізгі орман құраушы ағаш қорларының 40 пайызы осында шоғырланған. Облыстың ормандылығы оның жалпы ауданының 16,5% құрайды. Сапар барысында Министр мен «Мелисса» ЖШС өкілдері өңірдеорман ресурстарын басқарумен байланысты маңызды мәселелерді талқылады. Қазіргі уақытта «Мелисса» ЖШС облыстың әртүрлі орман шаруашылықтарында 4 учаскеге иелік етедіжәне де орман пайдалану саласында шешуші рөл атқарады, - деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.

Министрлік өкілдері ағашты тұрақты пайдалануға, жоғары сапалы өнім дайындау мәселелеріне ерекше назар аударылғанын айтты. Бүгінде базада жылына 60 мың м3 төмен сұрыпты қатты ағаштан жасалатын OSB тақталары өндіріледі.

«Мелисса» ЖШС Бас директоры Александр Воробьев кәсіпорын өндірістегі жоғары стандарттарды және экологиялық тұрақтылық қағидаттарын сақтайтынын атап өтті. Сондай-ақ, оның айтуынша, нарықтағы күрделі жағдайға және Ресей Федерациясындағы санкцияларға қарамастан өндірістік база тұақты жұмыс істеп, бизнесті дамытып келеді. Компания өңірлік нарыққа бағдарланған, оған қоса Орталық Азия елдеріне де өнім жеткізеді.

- Нарықтарды әртараптандыру стратегиясы «Мелисса» ЖШС-не бәсекелестік пен санкциялардың әсерін барынша азайтуға, сондай-ақ әлемдік экономиканың құбылмалы жағдайларында орнықтылық пен орнықты дамуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл сапар мемлекеттік құрылымдар мен кәсіпорындар арасындағы орманды пайдалану және ағаш материалдарын өндіру бойынша белсенділікті арттыраттыруға ықпал етті. Сапар барысында тараптар орман пайдалану менөндіріс саласында экологиялық жауаптылықты нығайту, одан әрі ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін білдірді, - деп мәлімдеді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив