KZ
Өскемен
+24°
небольшой проливной дождь жел 4 м/с, В
471.46 504.79 5.53

Бірінші ауысымның сабақтары онлайн өтеді - ШҚО

Фото: Azattyq Ruhy

12.12.2023, 07:30 240 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО Білім беру басқармасының ақпараты бойынша бүгін сыртқы ауа температурасының төмендеуіне байланысты бірқатар аудан мен қала мектептерінде бірінші ауысымның сабақтары қашықтықтан оқыту форматына көшіріледі, деп хабарлайды  Altaynews.kz сайты. 

Атап айтқанда:

-  0-4 сынып, Өскемен қ., Күршім ауданында (Жолнұсқау, Ақсуат ОМ), Глубокое ауданында, Алтай ауданында (Серебрянск, Октябрьская, Маяковская, Бородинская, Средигорненская, Соловьевская, Дородницкая , Новокрестьянская, Подорловская орта мектептері, Харин атындағы және Крестовская бастауыш мектептері), Тарбағатай ауданында (Тұгыл ауылы.);

- 0-7 сынып, Тарбағатай ауданы (Байтоғас ауылы.);

- 0-9 сынып, Риддер қ., Алтай ауданы (Чапаевская, Путинцевская, Зубовская орта мектептері);

- 0-11 сынып, Алтай ауданы (Первороссийская, Леснопристанская, Тургусунская, Бикетов атындағы орта мектептер).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив