KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
488.11 530.09 5.01

Өлкетану мұражайында «Желтоқсан желі ызғарлы» көрмесі өтіп жатыр - ШҚО

15.12.2023, 22:15 244

1986 жылдың желтоқсанында Өскемендегі Ушанов алаңына бір топ студент және жұмысшы жастар жиналып, Алматыдағы қарсылық шараларына қолдау білдірген болатын.

 

Сол жастардың кейінгі тағдыры туралы Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде өтіп жатқан «Желтоқсан желі ызғарлы» атты көрмеден білуге болады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Көрмеде 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан шығысқазақстандық жастар жайлы баяндалады. Құнды фотосуреттер мен құжаттар арқылы әділдік үшін бас көтерген олардың қасіретті тағдыры көрсетіледі.

 

– Алматы қаласынан басталып еліміздің барша аймағына тараған қарсылық шаралары біздің де өлкеде болды. Алматыдағы ереуілге шыққан жастарды қолдау мақсатында Өскеменнің Ушанов алаңына шығысқазақстандық студенттер мен жұмысшы жастар жиналған. Олардың қатарында болған Гүлжан Есіркенова (Кәрімғазина), Азамат Баянғазин, Амангелді Орамалов, Әлімхан Әбдіхалықов, Бекжан Қамалиев, Бейбіт Қосжанов сынды намысшыл жастар оқудан шығарылып, істі болған. Бүгінде олар толығымен ақталып отыр. Міне, осы жастар жайлы көрмемізде мағлұмат көп, – дейді Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Альфия Бақбаева.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив