KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
495.95 524.37 4.98

Шаруашылықтардың техникалары мен жабдықтары жаңартылды – Шемонаиха

Фото: Тілеубек Шаяхмет

20.12.2023, 15:44 126

«Ауыл Аманаты» мемлекеттік бағдарламасы аясында ШҚО Шемонаиха ауданының шаруалары мал шаруашылығы мен ара шаруашылығын дамытуға 45,0 млн теңге алды.

 

Бұл туралы Шемонаиха ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы брифинг кезінде айтылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.         

 

Шемонаиха ауданының әкімі Владимир Акуловтың айтуынша, биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 114,0 млрд теңгені құрады. Оның ішінде тау-кен өндіру саласы – 83,3 млрд теңге, өңдеу саласы - 28,0 млрд теңге. Өңдеу саласы бойынша төмендеу себебі - Ресей өндірушілерінің арзан өнімдерінің нарыққа шығуына байланысты «Востоксельхозпродукт» ЖШС-де өсімдік майын өндіру көлемінің қысқаруы.

 

Биыл аудан экономикасына 27,4 млрд. теңге салынды, оның ішінде 24,4 млрд теңге – жеке инвестициялар.

 

Ауыл шаруашылығы өнімін шығару 48,5 млрд теңгені құрады, бұл көктемгі кезеңде жауын-шашынның болмауына және дәнді, бұршақты дақылдардың күтілетін өнімінің алынбауына байланысты өткен жылғы деңгейден төмен.

- Ауыл шаруашылығы саласының тиімділігін арттыру үшін суармалы егістік алқаптары жоспарлы түрде кеңейіп келеді. Өткен жылмен салыстырғанда суару алаңы 660 гектарға ұлғайтылды. Топырақ құнарлылығын арттыру үшін 10 мың тоннаға жуық түрлі минералды тыңайтқыштар енгізілді. Шаруашылықтар 180-нен астам жаңа ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алды. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың жалпы өнімі 104 мың тоннаны құрады. Биыл 480 асыл тұқымды малдың 266-сы әкелінді, 214-ін келесі жылдың көктемінде жеткізу жоспарланып отыр, - деп түсіндірді Владимир Акулов.

Биыл «Ауыл Аманаты» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шаруашылықтар мал шаруашылығы мен ара шаруашылығын дамытуға 45,0 млн. теңге алған.

 

 

Айжанат Бақытқызы

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу