ШҚО полицейлері жолдарға қатысты ескертулерге бей-жай қарамауға шақырады
ШҚО полицейлері қала сыртындағы жолдарға шығуға тыйым салу туралы ескертулерге бей-жай қарамауға шақырады.
Бірнеше күн бойы аймақтағы ауа райының қолайсыздығына, яғни қар, қатты жел, боран, жолды көру мүмкіндігінің нашарлауына байланысты облыстық маңызы бар жолдардың кейбір учаскелерінде көлік құралдарының қозғалысына шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Осы жағдайда полицейлер құтқарушылармен және жол қызметтерімен бірлесіп автокөліктің қауіпті жол учаскелеріне шығуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдауда. Алайда, қозғалыс шектеулерін елемей, ауа райының қолайсыздығына ұшырап, өздеріне және жолаушыларына өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретіндер де бар. Көп жағдайда олардың көлігі қар құрсауында қалып қалады және оларды құтқару үшін тәуекелге барып, ресурстарды жұмсауға тура келеді.
Полиция департаменті ауа райының нашарлауы кезінде жолдардағы жағдай халыққа sms-хабарламалар, сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы алдын ала хабарланатынын еске салады.
Сонымен қатар, жүргізушілерге тасжолдар жабылған кездегі полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаушылық үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескерткіміз келеді.