KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 7 м/с, З
443.72 482.28 4.9

ШҚО-дағы жаңа аудандарды дамыту жобасын Мәжіліс депутаттары қолдайды

3.01.2024, 14:20 132 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ұлықбек Тұмашинов және Ерлан Саировпен кездесті.

Өңір басшысы кездесуде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нәтижелері жөнінде айтты. Ал Мәжіліс өкілдері Риддер жылу электр орталығын қалпына келтірудегі Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауын, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекетін жоғары бағалады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 28 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының құрамында екі жаңа аудан құрылғаны белгілі. Кездесуде осыған қатысты ұйымдастыру мәселелері де талқыланды.

– Облыстағы жаңа құрылған аудандарды дамыту жоспарға сәйкес жүргізілуде. Қалпына келтіріліп жатқан аудандарда жергілікті мемлекеттік органдардың штат санының лимиті, еңбекақы төлеу қоры, мемлекеттік органдар мен мекемелерді орналастыру үшін  әкімшілік ғимараттардың қажеттілігі белгілі болды, – деді облыс әкімі.

Қазіргі уақытта республикалық бюджеттен әкімшілік ғимараттарды салуға және жөндеуге, мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз етуге, қосымша инфрақұрылым мен коммуникациялар құруға қажетті қаражатты бөлу мәселелері пысықталуда.

Жаңа аудандарды республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін ҚР Үкіметінің резервтерін пайдалану қағидаларына өзгеріс енгізу қажет көрінеді.

– Біз Шығыс Қазақстан облысының Мәжіліс депутаттары ретінде облыс басшылығының жаңа аудандардың тұрақты жұмыс істеуі жөніндегі ұсыныстары мен бастамаларына кез келген уақытта қолдау көрсетеміз, – деді Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив