«Өскемен – Таулы Үлбі – Северное» жолында көшкін қаупі жойылды
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
5 қаңтар күні «Өскемен – Таулы Үлбі – Северное» тас жолының бойында профилактикалық қар көшкіні жүргізіліп, көлік қозғалысы қалпына келтірілді.
ТЖД бөлімшелері мен "Қазселденқорғау" мамандары алдағы күндері облыстағы таулы жерлерге мониторинг жүргізетін болады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Аталған учаскеден 4600 текше метр қар көбесі сөгіліп, жолдан шығарылған. Ауа температурасының күрт өзгеруі мен қар көлеміне байланысты атулы аймақтар жауапты органдардың бақылауында болады.
Құтқарушылар тұрғындарға ауа райы болжамын, дауылды ескертулерді елемей таулы аймақтарға, алыс жолдарға шықпауға кеңес береді. Қар жауып, боран соққан күндері тәуекелге бармаған жөн. Ауа-райы туралы барлық мәліметті "Дармен" мобильді қосымшасынан білуге болады.