KZ
Өскемен
ясно жел 0,2 м/с, З
478.54 533.76 5.17

ШҚО-да студенттер туризмді дамытуға үлес қосып жатыр

Фото: inbusiness.kz

14.01.2024, 11:02 396 Мадина Амангелдіқызы

С.Аманжолов атындағы университеттің студенттері туризмді дамытуға және елдің ерекше орындарын насихаттауға бағытталған инновациялық жобаны жүзеге асырды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Альмира Айдарқанова, Аяулым Нұрбек және Ксения Троеглазова шетелдіктерге Қазақстанды таныстыруда үстел ойындары мен Lapbook дидактикалық құралдарын пайдалануды ұсынады.

 

Мәселен, «Қазақстан» үстел ойындары дәстүрлі ұлттық элементтерді негізге алған. Соның арқасында мемлекетіміздің тарихы мен мәдениетінен мол мағлұмат алуға болады. Адамның есте сақтау қабілеті мен қырағылығын арттыруды көздеген ойынның ережесі үш тілде берілген.


Lapbook – мемлекеттік рәміздер, ел аумағы, фаунасы мен флорасы, ұлттық киімдер, тағамдар, ою-өрнектер мен музыкалық аспаптар туралы бөлімдері бар интерактивті папка. Әзірлемеде ұлттық тағамдарды қалай дайындауды көрсететін және қазақша әндерді қалай айту керектігі түсіндірілген QR-код арқылы істейтін функция бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив