KZ
Өскемен
-12°
переменная облачность жел 2 м/с, В
516.77 542.87 5.33

Өскеменде Алтайдың жәрмеңкесі өтті

Фото: Шығыс ақпарат

1.12.2023, 12:03 97

Алтай ауданы Өскеменде жәрмеңке ұйымдастырды.

 

Алтайдың шаруалары жәрмеңкеге ауылшаруашылық өнімдерінің түр-түрін әкелді. Картоптан бастап лимонға дейін сатылды. Күннің суығына қарамастан жәрмеңкеде базаршылап келген халықтың қарасы да көп болды. Бағасы арзан, ешқандай қоспасыз таза табиғи азық-түлікті молынан сатып алғысы келтіндей. Барлығы 30 тоннадан астам өнім әкелінген екен, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.  

 

— “Туған жер - алтын бесігім” жобасы аясында ұйымдастырылған жәрмеңкеге екі қала мен 13 ауылдық округтің шаруашылықтары жұмылдырылды. 30 тоннадан астам өнім әкелдік. Оның 15 тоннадан астамы - ет өнімдері, яғни жылқы, қой, сиыр еті және құс еті. Сонымен қатар көкөніс, Алтайдың балы қойылды. Кеше лимон әкелген едік, халық бәрін сатып алды. Жәрмеңке алаңында бүгін концерт ұйымдастырдық. Оған “Горняк” мәдениет үйінің әртістері атсалысып отыр. Түрлі конкурс өткізіп, жүлде тіктік, ұлттық киімдер мен қолөнер бұйымдарын көрмеге қойдық, — дейді аудан әкімдігінің өкілі Айгүл Куттубаева.

Шаруалар жәрмеңкенің маңызын ерекше бағалап отыр, өйткені мұнда тұтынушы тауарды өндірушіден тікелей сатып алады.

 

— Жылқы шаруашылығымен айналысамын. Бие сауып, қымыз, қазы және жылқы етін сатамыз. Алтай қаласынан тыс, басқа қалаларға да тасымалдап, сатып, көпшілікті өніммен қамтып отырған жайымыз бар. Бүгін Алтай ауданы Өскеменде жәрмеңке өткізіп жатқан соң ел қатарлы біз де келіп қалдық. Бұйырса, өнімді түгел сатамыз деген сенім бар, — дейді өз өнімін ұсынып отырған Мұрат Кітапбаев. — Әрине, өз өніміңді өзің сатқан жақсы ғой. Базарға апарып, ортаға делдал салғаннан гөрі осы дұрыс. Халыққа да, өндірушіге де тиімді. Қандай дүниені де өз бастауынан, қайнар көзінен алған жақсы. Жағдай жасалса, сатып алушы болса дәл осылай өнімімізді тұрақты түрде әкеліп тұруға қуана келісер едік. Орын бөлсе, өнім әкелуге болады.

Жәрмеңкені аралап, шаруалардың хал-жағдайын сұраған облыс әкімі Ермек Көшербаев алдағы қысқа жем-шөптің жеткілікті болуы ауыл шаруашылығын дамытудың маңызды факторы екенін атап өтті.

 

Сонымен қатар жәрмеңкеде ұлттық ойындардан сайыс ұйымдастырылды. Ниет білдіргендер армрестлинг, арқан тарту, гір тасын көтеру сынды спорт түрлерінен күш сынап, жеңімпаздар сый-сияпат алды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу