KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

ШҚО полициясы 130 кг-нан астам есірткі тәркіледі

Фото: azattyq-ruhy.kz

22.01.2024, 16:33 4 724

ШҚО-да қылмыстық ұйымдардың қызметіне байланысты 148  қылмыстық құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің өкілі баспасөз мәслихатында айтты.

 

- Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде ШҚО-дағы қылмыстық ұйымдардың қызметіне байланысты 148 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Түрлі қылмыстық топтардың 12 қатысушысы жауапқа тартылды, оның ішінде республиканың басқа өңірлерінен келгендер де бар, - деп түсіндірді департамент бастығының орынбасары Алмаз Төкенов.


 

ШҚО Полиция департаментінің ақпараты бойынша, 2023 жылдың қазан айында криминалитет көшбасшыларының бірі ұсталды, ол өскемендік кәсіпкерден жер учаскесін бопсалаған. Шығын 16 миллион теңгеден асты.

 

- Бұл іс аяқталу сатысында және сотқа жіберіледі. Сонымен қатар 2023 жыл ішінде Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан 130 килограмнан астам есірткі, 17 бірлік атыс қаруы, 250-ден астам оқ-дәрі, жауынгерлік граната, екі жарық-шу гранатасын, сондай-ақ 16 тонна дизель отыны мен 11 тонна суррогат спиртін тәркіледі,- деп түсіндірді полковник Алмаз Төкенов.


 

 

                                                                      Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив