ШҚО-да боран кезінде адасқан ер адамның денесі табылды

Шартты сурет: flomaster.top
Сарытау қыстағы аумағында полиция мен ТЖД қызметкерлері жүргізген іздеу іс-шаралары аяқталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, оқиға Маралды ауылдық округінің аумағында болған. Үшбұлақ ауылынан атпен келе жатқан екі адам қарлы боранда адасып кеткен еді.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, аталған екі адамның бірі межелі жерге жеткен. Аман қалған ер адам серіктесімен бірге жолда түнеуге тура келгенін айтады. Алайда ол таңертең жолдасының қатты аяз салдарынан қайтыс болғанын көрген.
Марқұмның денесін іздеу бірнеше күн бойы жүргізілді.
Айжанат Бақытқызы