Маралдыда боранда қалған екі ер адамның бірі қаза тапты
Фото: ru.wallpaper.mob.org
Маралдыда боранда қалған екі ер адамның бірі қайтыс болды. Екіншісін құтқаруға облыс орталығынан тікұшақ жіберілді.
Екі ер адам Үшбұлақ ауылынан Сарытау учаскесіне қайтып келе жатып қатты боран кезінде адасып кеткен. Олардың бірі аман-есен табылды, бірақ алдын ала мәлімет бойынша денсаулығына айтарлықтай нұқсан келген. Ал екінішісі қаза тапқан, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты ер адамдар жолда түнеуге мәжбүр болған көрінеді.
- Зардап шегуші қазір Сарытау учаскесінде. Оған медициналық көмек көрсету қажет. Облыс орталығына жеткізу үшін тікұшақ ұшып кетті. ШҚО санавиация бригадасының құрамында дәрігер-реаниматолог Александр Патрин мен фельдшер Лариса Величко бар, - деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Облыстың полиция басқармасы әзірге болған оқиғаға қатысы ешқандай түсініктеме берген жоқ.
Оқи отырыңыз