Қар құрсауында қалған Төсқайыңның жылқылары төменге түсті
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған Марқакөл ауданының Төсқайың ауылының жылқылары қар құрсауында қалғанын бұған дейін жазған болатынбыз. Тұрғындар қар құрсауынан шығарылған жылқыларды жылқышылар ойға түсіріп бара жатқандарын айтты.
Осыған дейін облыстық ауылшаруашылығы басқармасы мен Төсқайың ауылдық окргуының әкімшілігі қалың қардың құрсауында қалған жылқыларды етекке түсіруге шешім қабылдаған еді. Күні кеше ойға апара жатқан жылқылар Ақжайлау ауылының тұсына жетті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Күршім ауданының әкімшілігі Боран және Қарашілік ауылданынан жайылым берген. Өткенде қалың қардан болып жайылымсыз қалған Төсқайың ауылынан 350-ден астам жылқы етекке түсірілетінін жазған болатынбыз.
– Жылқылар етекке түсіп келе жатыр. Қазіргі уақытта Ақжайлау ауылының тұсына келді. Жолда жылқыларға шөп шашатын бекеттер ұйымдастырылған, – дейді ауыл тұрғыны Қайырхан Қазыбекұлы.