KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Жыл басынан бері ШҚО-да 43 өрт болды: екі адам қаза тапты

Фото: ШҚО ТЖД

29.01.2024, 19:28 6 341

Тілсіз жаудың негізгі себептері - электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, сондай-ақ пештерді дұрыс пайдаланбау және отты абайсыз қолдану. Осы соңғы себеп екі адамның өліміне әкелді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылдың қаңтар айында өңірдің алты тұрғыны көміртегі газынан зардап шеккен. Көбінесе улану жағдайлары температураның төмендеуі кезінде болады.

 

ШҚО ТЖД мамандары халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын отбасылардың тізімін жасады. Олармен профилактикалық жұмыс жүргізіліп, 2000-нан астам көміртегі газын анықтайтын датчиктер орнатылды.

 

Жазатайым оқиғалар мен өрттің алдын алу үшін құтқарушылар тұрғындармен тұрақты жұмыс жүргізеді, үйлерді аралап, иелеріне пештер мен электр құрылғыларын қалай дұрыс пайдалану керектігін және отпен абай болу керектігін ескертеді.

 

Ағымдағы жылдың басынан бері ТЖ қызметкерлері 25 мыңнан астам үйді аралап, 39 мыңға жуық адамға нұсқау берді.

 

Өңірде аяз сақталады, сондықтан ШҚО ТЖД мамандары тұрғындарға температураның төмендеуі кезінде тұрмыста өрт шығу қаупі артатынын еске салады: жылыту пештері мен түтін мұржаларының қатты қызуы, электр жылыту құралдарын, соның ішінде қолдан жасалған жылыту құралдарын қосу электр желісіне қосымша жүктеме әкеледі.

 

Осыған байланысты облыстың ТЖ Департаменті тұрғындарды сақтық шаралары мен өрт қауіпсіздігі ережелерін, оның ішінде газ қондырғылары мен жабдықтарын қауіпсіз пайдалану ережелерін сақтауға шақырады.

 

                                                                        

 

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу