Зайсанда заңсыз балық аулағандарға айыппұл салынды
Фото: stan.kz
Қыс мезгілінде заңсыз балық аулау жағдайы жиі кездеседі.
Заңсыздықтың алдын алу мақсатында Зайсан аудандық табиғатты қорғау тобының инспекторы мен Зайсан аңшылық шаруашылығының жедел отряды инспекторлары рейд жүргізді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Жауапты тұлғалар бірлесіп, балық аулау, аңшылық жасаудың жолын кесу мақсатында Қара-Ертіс өзені мен Зайсан көлі жағалауына рейд жүргізді.
– Рейд кезінде ҚР ӘҚБтК 383-бабының 1-бөлігі бойынша (балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) 2 азаматқа, 2-бөлігі бойынша 1 азаматқа хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Сонымен қатар заңсыз құрылған 300 метр ау алынды, – деп хабарлады Зайсан ауданы әкімшілігі әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оқи отырыңыз