KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 1,6 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Газет-журналдар ұрпаққа мирас етілер мұра екендігін ұмытпайық - Тимур Смағұлов

2.02.2024, 14:45 318

2023 жылы ҚР Үкіметі қаулысымен 2 ақпан Ұлттық басылым күні болып бекітілді. Осы бір атаулы күнге орай ШҚО-ның БАҚ өкілдері әріптестеріне өз жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

 

Тимур Смағұлов, Катонқарағай ауданының "Арайлы Катонқарағай" газетінің редакторы:

 

- Қадірлі БАҚ қызметкерлері, қымбатты әріптестер! Баршаңызды бүгінгі Ұлттық басылым күнімен шын жүректен құттықтаймын!
 
Бұл күннің осылай аталуы тегін емес. Тарихқа зер салсақ, дәл осы күні, яки, 2 ақпанда осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын "Қазақ" газетінің алғашқы саны жарық көрген екен. "Қазақ" газетінің шығуымен елімізде ұлттық баспасөз саласының іргетасы қаланып, отандық журналистикаға жол ашты деуге болады. Еліміздегі осы бір тұңғыш басылым арқылы сол тұстағы Әлихан, Ахмет, Міржақыптар бастаған Алаш ардақтылары халықтың сауатын ашып, білімге шақырғаны белгілі.
 
Бүгін де егемен елімізде мерзімді басылымның өзінің айшықты орны бар, ол айырықша маңызға ие. Ғылыми-техникалық прогрестің қарыштап дамыған, интернет атаулының зымырап озған заманы болса да мерзімді басылымдар әлемдік бәсекеден қалысар емес, әлі де сұранысқа ие. Газет-журналдар ел тарихының шежіресі, ұрпаққа мирас етілер баға жетпес мұра екендігін ұмытпайық!
 
Алдағы уақыттарда мерзімді басылымдардың маңызын арттырып, журналистер қауымының елдегі мәртебесі тіптен өсеріне бек сенімдімін.
 
Барша әріптестерімді Ұлттық баспасөз күнімен құттықтай отыра, шығармашылық шалқар шабыт, толайым табыс тілеймін! Жазарларыңыз таусылмасын, қаламдарыңыз мұқалмасын!
 
 
 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив