Жаңадан құрылған аудандарды дамыту мәселесі талқыланды - ШҚО
![](/kz/uploads/posts/2024-02/whatsapp-image-2024-02-02-at-18_54_32.webp)
Фото: Қызырбек Дүргінбайұлы
ШҚО-дағы жаңа құрылған аудандарға республикалық бюджеттен 14 миллиард теңге мөлшерінде қаражат қажет. Бұл қаражат жергілікті жерде әкімшілік ғимараттар салуға немесе жөндеуге, қызметкерлерді баспанамен қамтуға, сондай-ақ инфрақұрылымды дамытуға жұмсалмақ.
Бұл туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы мәлім етті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өңір басшысы Ермек Көшербаевтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің мәжілісінде жаңадан құрылған Үлкен Нарын және Марқакөл аудандарын дамыту мәселесі сөз болды.
Оның айтуынша, әкімшілік ғимараттарды күрделі жөндеу бойынша сметалық құжаттаманы әзірлеуге облыстық мәслихат сессиясының шешімімен 54,1 миллион теңге бөлінген. Оның 26,4 миллионы Катонқарағай ауданына бағытталса, қалған 27,7 миллион теңгесі Марқакөл ауданына бөлінеді.