KZ
Өскемен
небольшой снег жел 2,4 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

Марқакөл ауданын қалпына келтіру тиімсіз - министрлік

20.02.2023, 23:00 1 005 Оразай Жеңісұлы

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл ауданын қалпына келтіру тиімсіз деген қорытынды жасалғанын мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Талдау көрсеткендей, халық саны аз Марқакөл ауданын қалпына келтіру мемлекеттік қызметшілерді ұстауға жұмсалатын шығындарды қаржыландыра отырып, олардың санын ұлғайтуды талап етеді. Тек бір ауданда дербес 20 мемлекеттік орган (9 аудандық бөлім, 11 республикалық және облыстық бағыныстағы бөлім) құру қажет болады. Бұл қосымша 112 мемлекеттік қызметші деген сөз. Біріккен Күршім ауданының (бұрынғы Марқакөл және Күршім аудандары) халық саны 23,5 мың адамды құрайды және 1997 жылдан бастап 25,4 мың адамға немесе 52,8%-ға қысқарды. Бұрынғы Марқакөл ауданының ауылдарында 8 725 адам тұрады.

Марқакөл ауданы қалпына келтірілген жағдайда, әкімшілік ғимараттар салуға, мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базасын ұстауға және нығайтуға алдын ала есептеулер бойынша шамамен 15 млрд теңге бюджет қаражаты талап етіледі.

Мемлекеттік құрылымдарды құруға және ұстауға жұмсалатын елеулі шығындар, халық санының қысқаруының сақталып отырған үрдісі кезінде таратылған Марқакөл ауданын қалпына келтіру экономикалық тұрғыдан тиімсіз деп пайымдалады», - деп жазады Бауыржан Омарбеков.

Мұндай пайымды 2020-2022 жылдары жұмыс істеген комиссия шығарған көрінеді.

«2020-2022 жылдары құрамында орталық мемлекеттік органдар, облыс әкімдігі және жұртшылық басшылары бар комиссия шекара маңындағы өңірлердегі ағымдағы жағдайды зерделеді.

Аудандарды құруға жұмсалған шығындарды, халық санының аздығын және аумақтардың инфрақұрылымын одан әрі дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шараларды ескере отырып, комиссия аудандарды қалпына келтірудің экономикалық тиімсіздігін атап өтті», - делінген ресми жауапта.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу