KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

ШҚО: Қоғамдық көлікте кімдер тегін және жеңілдікпен жүре алады?

12.02.2024, 22:10 175 Ләззат Қанатқызы

Ағымдағы жылы облыс бойынша азаматтардың жекеленген санаттарына тегін және жеңілдікпен жол жүруі үшін 253 млн. теңге қарастырылған.

Бұл туралы ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Айжан Рахымбаева айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өңір бойынша тегін және жеңілдікпен жол жүре алатын 7 819 адам бар.

- Олардың қатарында 5 217 - аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, 1 131 – «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқа, «Батыр ана» атағымен, I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар,   15 пен 18 жас аралығындағы балалар, 1 417 адам I топтағы мүгедектер бар, - деп атап өтті Айжан Рахымбаева.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив