KZ
Өскемен
+23°
пасмурно жел 2 м/с, ОБ
481.84 531.33 5.07

ШҚО ХҚО-лары арқылы тапсырыс берген ең танымал қызметтер

Фото: tengrinews.kz

13.12.2023, 21:21 127 Анель Слямғазықызы

ШҚО ХҚО-лары арқылы тапсырыс берген ең танымал қызметтер туралы филиал директоры баспасөз мәслихатында айтты, - деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі. 

Мәселен, биыл ЭЦҚ алу ең сұранысқа ие болды -  153 308 , танымалдығы бойынша екінші орында – көлік құралдарын тіркеу – 128 939, үшінші орында – жүргізуші куәліктерін беру - 63 758 ең қажетті қызмет болып табылды.

            Филиал директорының әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі орынбасары Айжан Ағыбаева ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап Әлеуметтік кодекске «Наградталған аналар» деген жаңа ұғым енгізілгенін атап өтті. Бұл мәртебе «Күміс алқа», «Алтын алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ 1 немесе 2-дәрежелі «Ана даңқы» ордендері бар әйелдерге беріледі. Осы санаттағы аналарға ай сайын 6,40-тан 7,40 АЕК-ке дейін жәрдемақы төленеді. Бұндай жәрдемақыға өтінімді проактивті форматта да ресімдеуге болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив