Өскемен: қоғамдық көлікпен кімдер тегін қатынай алады?
Облыс орталығындағы қалалық маршруттарда тегін жол жүру құқығымен қосымша жеңілдікті тарифтер енгізілді.
Қала әкімдігі қоғамдық көлікпен қай санаттағы тұрғындар тегін қатынай алатынын айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жеңілдікті көлік картасын алу үшін өтініш жазу, жеке басын куәландыратын құжатты және жеңілдікке құқығын растайтын құжатты, сондай-ақ 3х4 немесе 4х5 (тиісті жастағы)форматтағы фотосуретті ұсыну қажет.
Жоғарыда аталған санаттағы азаматтардың келесі мекенжайлар бойынша жеңілдікті карталарды ала алады:
ЦТУ филиалы 1-Сәтпаев даңғылы, 36.
ЦТУ филиалы 2-Пахомов көшесі, 8.
ЦТУ филиалы 3-Чехов көшесі, 68.
ЦТУ филиалы 4-Буров көшесі, 24.
ЦТУ филиалы 5-Б.Шаяхметов көшесі, 4.
ЦТУ филиалы 6-Атлантическая көшесі, 38.
ЦТУ филиалы 7-Добролюбов көшесі, 25.
ЦТУ филиалы 8-Б. Гагарин, 20.
ЦТУ филиалы 9-М.Тынышпаев көшесі, 123.
ЦТУ филиалы 10 - Бажов көшесі, 546.
ЦТУ филиалы 11-Меновное кенті. Горький көшесі, 11а.
Өскемен қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы-Шәкәрім даңғылы, 149/10 үй.
Картаны жасау процесі бес жұмыс күніне дейін созылады, оны өтініш жазылған жерден алу керек.
Жолаушылар тасымалын басқару орталығына жүгінген кезде карта өтініш жазылған сәтте беріледі. Өтініш жазып, картаны Жібек Жолы көшесі, 3 мекенжайы бойынша ЖТБОдан аласыздар.
Жеңілдік картасы туралы қосымша сұрақтарды Call-орталыққа 70-09-07 (ішкі 105) немесе 8-708-440-07-31 нөмірі бойынша қоюға болады.