KZ
Өскемен
-7°
туман жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Шығыстың мәнерлеп сырғанаушылары 22 медаль жеңіп алды

13.02.2024, 20:02 182

Бес алтын, тоғыз күміс, сегіз қола. «Ақпан жұлдызы» республикалық турнирінде өнер көрсеткен шығысқазақстандық мәнерлеп сырғанаушылардың көрсеткіші осындай болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Айта кетейік, облыс орталығындағы Борис Александров атындағы Спорт сарайында жалауын желбіреткен республикалық жарыс тура бес күнге созылды. 200-ден астам спортшы қатысқан турнирде Шығыс Қазақстаннан бөлек, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарының, сондай-ақ, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының мәнерлеп сырғанаушылары бақ сынады.

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасынан хабарлағандай, Шығыс Қазақстанның намысын қорғаған жастар тамаша өнер көрсетіп, қоржынға барлығы 22 медаль салды. Қанжығасы майланғандар туралы айта кетсек, биылғы бәсекеде бірінші орыннан Асмира Жомарт, Михаил Зиновьев, Дарья Борисова, Лилия Смятова мен Сафия Мұхаметқайырова көрінсе, екінші орынға Дияра Ергазинова, Варвара Корабель, Айару Аришатқызы, Арсений Ткаченко, Кербез Қуанышбай, Василиса Журкина, Александр Шуклин, Екатерина Довалова мен Виктория Егорова көтерілді. Ал жүлделі үшінші орынға Айлин Ерхатқызы, Алиса Щушаникова, Евгений Пустовойт, София Мәукенова, Валентина Пичугина, Эмина Раисова, Варвара Кабардина және Анна Масленникова есімді спортшыларымыз табан тіреді.

 

Суреттер ШҚО денешынықтыру және спорт басқармасынан алынды

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу