KZ
Өскемен
-13°
небольшая облачность жел 3 м/с, СБ
524.02 545.19 5.09

«Тарбағатай» ұлттық табиғи паркі аң-құстарға екі тонна жем-шөп шашты

27.02.2024, 21:09 186 Қызырбек Дүргінбайұлы

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында омыртқалы жануарлардың 376 түрі бар. Аталған парк қызметкерлері қай мезгілде болсын жан-жануарлар мен аң-құстарға қамқорлық танытып келеді.

Биылғы қыста «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері аң-құстарға екі тонна жем-шөп, 1200 дана бұтақтық азықтар қойып, жануарлар қорын көбейтуге бағытталған биотехнологиялық іс-шаралар жүргізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Ұлттық парк құрылғаннан бері жануарлар мен құстар саны көбейіп келеді. Жоспарға сай жыл көлемінде қысқы, көктемгі, күзгі аң санағы жүргізіледі. Санақ барысында дрондар (БПА), фототұзақтар мен заманауи құрал-жабдықтар пайдаланылады, – дейді «Тарбағатай» МҰТП аңшылықтанушысы Берік Нұршайықов.

Ұлттық парк аумағында балықтардың – 19, қосмекенділердің – 2, бауырымен жорғалаушылардың – 23, құстардың – 272, сүтқоректілердің 60 түрі бар. Мемлекет аумағында сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жануарлардың 41 түрі, яғни бауырымен жорғалаушылардың 1 түрі, қосмекенділердің 1 түрі, құстардың 33 түрі және сүтқоректілердің 6 түрі ұлттық парктің қорғауында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу