KZ
Өскемен
+29°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

ШҚО-да өндіріс орнындағы жазатайым оқиғаны тексеретін арнайы комиссия құрылады

Фото: pixabay.com

3.03.2024, 21:13 83 ALTAINEWS

Естеріңізге сала кетсек, қайғылы оқиға бүгін Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданындағы өндіріс орындарының бірінде болған. Карьерде жұмыс істеп жатқан “Муртазаев” ЖК-нің жалдамалы жұмысшысы қауіпсіздік техникасын сақтамауы салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

“Біз бұл жағдай туралы хабардармыз. Арнайы комиссия құрылады, оның құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері ғана емес, қаза тапқан адамның тарапынан да өкілдер болады. Алдағы 10 жұмыс күнінде аталған қайғылы оқиғаға байланысты тексеру жүргізіп, қорытынды шығарамыз. Біз, мерт болған жұмысшының отбасына ауыр қайғыға ортақтасып көңіл айтамыз. Марқұмның отбасына көмек көрсетіледі, - деп түсіндірді ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов. - Сонымен қатар оқыс оқиғаның себеп-салдарын анықтайтын жоспардан тыс тексеру жүргізілетін болады. Соның қорытындысына сәйкес кінәлі адамдар тәртіптік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив