KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 6 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Өскеменде «Айсұлу» операсының премьерасы 20 наурызда өтеді

15.03.2024, 19:28 133 Қызырбек Дүргінбайұлы

Биыл көрнекті композитор Сыдық Мұхамеджановтың туғанына 100 жыл. Қазақ музыка театры тарихындағы тұңғыш «Айсұлу» атты комедия операсын композитор осыдан тура 60 жыл бұрын жазған.

Композитордың 100 жылдығына орай 20 наурыз күні «Ертіс концерттің» көрермендер залында «Айсұлу» операсының концерттік қойылымының премьерасы өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Айсұлу» операсының алғашқы премьерасы 1964 жылы Абай атындағы мемлекеттік опера және балет  театрында өткен. Содан бері қаншама жылдар өтсе де сахна төрінен түспей келе жатқан қойылымды бұл жолы ШҚО тұрғындары тамашаламақ.

Операны қоюға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің симфониялық оркестрі, Халық әртістері ағайынды Абдулиндер атындағы ШҚӨУ студенттік хоры, «Ертіс концерт» КМК солисттері мен арнайы шақырылған солисттер қатысады. Қойылым Наурыз мейрамының онкүндігі аясында өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив