KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

Катонқарағайда мемлекеттік қызметкерлер бір ай бойы жұмысқа ұлттық киіммен келеді

Шартты сурет: nur.kz

19.03.2024, 17:50 117 Айна Ескенқызы

Наурызнама онкүндігінің екінші күні Ұлттық киімді ұлықтау мерекесімен жалғасты.

ШҚО-ның әр аудан, ауылында мемлекеттік қызметшілерден бастап қарапайым халыққа дейін үстеріне оқалы камзол-шапандарын киіп, қыздарымыз күмістен соғылған сырға, шолпыларын сылдырлатып, көшпенділердің асау рухын паш етті.

Катонқарағай ауданының мемлекеттік қызметшілері де ұлттық киімдерімізді ұлықтаудан тыс қалмады, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.

- Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық киімдерімізді ұлттық мәдениеттің жарқын көрінісі деп атап өткен болатын.Ұлттық киімді тек мерекеде емес, ұдайы киіп жүру биылғы наурызнамадан бастау алады. Оюлы ұлттық киімдеріміз кез келген адамның сымбатына сымбат қосып, көркін аша түсері, ұлттық рух берері сөзсіз. Сол себепті біздің қызметкерлеріміз де қазақы болмыс пен дәстүрімізді насихаттау мақсатында бір ай бойы ұлттық киімді киіп жүреді, - деді Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары Расул Мырзабекұлы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив