Ресейлік отохирург 15 баланың есту қабілетін қалпына келтірді – ШҚО
ШҚО Ана мен бала орталығында жетекші отохирург Диаб Хассан кохимплантация бойынша 15 ота жасады.
Жақында ғана Ана мен бала орталығына Ресей Федерациясының жетекші отохирургы, профессор Диаб Хасан келді. Ол шығысқазақстандық 15 баланың есту қабілетін қайтару бойынша ота жасады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл ғылыми-клиникалық бөлім басшысы, Ресей ФМБА оториноларингология ғылыми-клиникалық орталығының ғылыми қызметкері, м.ғ.д. профессор Диаб Хасан Мохамад Алидің біздің өңірге үшінші сапары екенін айта кету керек.
18 наурызда профессор балаларға кохлеарлық имплантация, есту қабілетін қалпына келтіру бойынша 15 операция жасады. Бұл балақайларға нағыз Наурыз сыйлығы болды деуге болады. Көпжылдық хирургиялық тәжірибесінде Диаба Хасан жүзден астам баланың есту қабілетін қалпына келтірді және қазір бүкіл әлемдегі әріптестерімен білімін белсенді түрде бөлісуде.
Ана мен бала орталығында хабарлағандай, 2024 жылы ШҚО-да үш жастан 11 жасқа дейінгі балаларға арналған кем дегенде 30 кохлеопластика операциясы жүргізіледі. Осы мақсатқа әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 235 млн теңгеден астам қаржы бөлуді жоспарлап отыр. Себебі бұл жоғары технологиялық хирургиялық манипуляция МӘМС пакетіне кіреді, сондықтан операция, имплантация, оны қосу және кейінгі оңалту пациенттер үшін тегін.
Операциядан кейін пациент кохлеарлық имплантанттың көмегімен дыбыстарды есту және тану қабілетін дамыту үшін оңалтудан өтуі керек.