KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
485.11 523.82 5.02

Үлкен Нарында арықтар кеңейтіліп, су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр

30.03.2024, 10:15 125 Қуаныш Рахметоллаұлы

Үлкен Нарын ауылында тәулік бойы атқарылған жұмыстың нәтижесінде, еріген қар суының тұрғын үйлердің аулаларына кіруі тоқтатылды. 

Қазір ауыр техника арықтарды кеңейтіп, әскери бөлімнің қызметкерлері құм салынған қапты төсеу жұмыстарын, мотопомпамен суды сору жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

 

 

Жағдай кез келген уақытта өзгеруі мүмкін. Барлық қызметтер жоғары дайындық режиміне көшірілген. 

 

 

Естеріңізге сала кетсек, 29 наурызда күннің күрт жылынып, жаңбыр жаууы салдарынан еріген қар суының деңгейі 20-25 см-ге дейін көтеріліп, Үлкен Нарын ауданының орталығы Үлкен Нарын ауылында 11 үйдің, Алтынбел ауылында 10 үйдің ауласына қызылсу жайылған болатын. Жағдайды тұрақтандыруға бағытталған жұмыстар тоқтаусыз атқарылып жатыр.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив