Үлкен Нарында бір үйдің ауласына су жиналды
Кеше еріген қар суы бір үйдің ауласын басты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО ТЖД мамандары жылдам әрекет етіп, су сору жұмыстарын жүргізді.
- 22 наурызда Үлкен Нарын ауылындағы Амангелді көшесінің бойында қардың еруі нәтижесінде аула аумағында су жиналды.ТЖД құтқарушылардың күшімен еріген суды сору бойынша жұмыстар жүргізілді, - деп хабарлады ШҚО ТЖД.
Барлығы 7 куб метр еріген су сорылды. Үй ішіне су кірген жоқ.
Оқи отырыңыз