KZ
Өскемен
+1°
туман жел 4 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

Үлкен Нарын ауданындағы жағдай бақылауда (видео)

30.03.2024, 01:00 209 Қуаныш Рахметоллаұлы

29 наурызда күннің күрт жылынып, жаңбыр жаууы салдарынан еріген қар суының деңгейі 20-25 см-ге дейін көтеріліп, Үлкен Нарын ауданының орталығы Үлкен Нарын ауылында 11 үйдің, Алтынбел ауылында 10 үйдің ауласына қызылсу жайылды.

Жергілікті атқарушы биліктің және  ТЖД-ның,  әскери бөлім қызметкерлерінің күшімен тасқын суды елді мекеннен тысқары бұру, топырақ төгу, арықтарды кеңейту және  құм салынған қаптарды төсеу жұмыстары жүргізілуде. Су алған учаскелерде мотопомпалар жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

 

- Тасқын сумен күресуге жергілікті атқарушы биліктің, төтенше жағдайлар қызметінің өкілдерін және әскерилерді қосқанда барлығы 92 адам, 16 арнайы техника жұмылдырылды. Аулаға кірген су мотопомпалармен сыртқа шығарылып жатыр. Жұмыс тәулік бойы жалғаса береді. Жағдай толық бақылауда, - деп түсіндірді Үлкен Нарын ауданы әкімінің міндетін атқарушы Елдос Байрахметов.

Сонымен қатар қарғын су осы ауданның Жаңа Хайрузовка, Көкбастау, Жұлдыз ауылдарына да қауіп төндірген болатын, алайда жауапты орындар жедел әрі жұмыла әрекет етіп, еріген қар суының арнасын елді мекендерге жеткізбей бұрып тастады.

Айта кетейік, бүгінде барлық қызмет күшейтілген жұмыс режиміне көшірілген.

- Өзендер мен арықтардың арнасын кеңейтіп, тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қосымша бір мыңнан астам құм толтырылған қап әзірленді. 190 адамға арналған уақытша орналастыру бекеті дайын тұр, - деп атап өтті ШҚО бойынша ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.
 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу