Бесқарағай ауданында су тасқынымен күрес жұмыстары жүріп жатыр
28 наурызда Бесқарағай ауданында екі үйді су басып, оннан астам үйдің ауласына су жайылғаны жайлы жазған едік. Қазір ауданда су тасқынына қарсы күрес жұмыстары жалғасын табуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бесқарағайдағы су тасқынына Куликовский өзеніндесу деңгейінің күрт көтерілуі себеп болған. Салдарынан екі үйді су басып, 13 үйдің ауласына су жайылып отыр.
Төтенше жағдай департаментінің мәлімдеуінше, қазіргі таңда су сору жұмыстары жалғасуда. Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр.
Оқи отырыңыз