Үлкен Нарын мен Катонқарағай арасындағы жолда бөгет жасап жатыр (видео)
Қазавтожол қызметкерлері Үлкен Нарын мен Катонқарағай ауылдары аралығындағы жолда бөгет жасап жатыр.
Қос ауданды байланыстыратын тас жолдың бетіне таудан аққан еріген қар суы шығып кетуі мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мұны болдырмау үшін арнайы техника жұмылдырылып, Қазавтожол қызметкерлері инертті материалмен бөгет жасау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, 29 наурызда күннің күрт жылынып, жаңбыр жаууы салдарынан еріген қар суының деңгейі 20-25 см-ге дейін көтеріліп, Үлкен Нарын ауданының орталығы Үлкен Нарын ауылында 11 үйдің, Алтынбел ауылында 10 үйдің ауласына қызылсу жайылған болатын. Жағдайды тұрақтандыруға бағытталған жұмыстар тоқтаусыз атқарылуда.