KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
485.11 523.82 5.02

Коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті - Үлкен Нарын

30.03.2024, 10:48 112 Қуаныш Рахметоллаұлы

Үлкен Нарында ауа райының күрт жылынуына байланысты коммуналдық қызмет те күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Үлкен Нарын ауылында коммуналдық қызметтер қазір суды сорғызып, суағарлар мен арықтарды тазартып жатыр. Жұмысқа арнайы техникалар жұмылдырылған.

 

Естеріңізге сала кетсек, 29 наурызда күннің күрт жылынып, жаңбыр жаууы салдарынан еріген қар суының деңгейі 20-25 см-ге дейін көтеріліп, Үлкен Нарын ауданының орталығы Үлкен Нарын ауылында 11 үйдің, Алтынбел ауылында 10 үйдің ауласына қызылсу жайылған болатын. Жағдайды тұрақтандыруға бағытталған жұмыстар тоқтаусыз жүргізіліп жатыр.

 



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив